«Alacard Petroltech» компаниясы Сізге бірыңғай ALACARD жанармай SMART-картасының көмегімен автокөліктеріңізді жанармаймен толтыру, жуу және техникалық қызмет көрсету қызметтері үшін қолма-қол ақшасыз төлем жүйесінің абоненті болуды ұсынады.
ALACARD — Қазақстан Республикасындағы алғашқы жанармай картасы. Біз нарықта 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. ALACARD жанармай картасы бойынша алғашқы транзакция 1998 жылғы 13 наурызда жүзеге асырылды. ALACARD карталарын пайдалану әсіресе жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) айналымы үлкен компаниялар үшін өте тиімді. Біздің клиенттеріміздің қатарында ірі мамандандырылған автошаруашылықтар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың көлік бөлімшелері, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ елшіліктер, сауда өкілдіктері мен көптеген шетелдік компаниялар бар. Олардың кейбіреулерімен біз компаниямыз құрылған алғашқы күннен бастап ынтымақтасып келеміз.
ALACARD жүйесі Sinooil, Royal Petrol, Жаңа АЗС (Компас), Алатау Премиум Қазақстан, Аурика, Асқар сияқты ірі жанармай құю станцияларының желілерін, сондай-ақ Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі танымал автокөлік жуу орындары мен техникалық қызмет көрсету станцияларын (ТҚС) қамтиды. Бүгінгі таңда желіге 280-нен астам жанармай құю станциясы және 60-тан астам автокөлік жуу орны мен ТҚС кіреді.